Шетелдік қонақтар Өскемендегі "Халифа Алтай" мешітінде, сондай-ақ Үлбі мен Ертістің қиылысар тұсы орналасқан "Стрелка" ықшам ауданында болды. Бұдан бөлек этнографиялық саябақты тамашалап қайтты.
Жоспарға сәйкес, түсірілім тобы Шығыс Қазақстандағы бірқатар аудандарға барып, видео түсіреді. Мәселен, олар Риддерде Батыс Алтай қорығы мен Линейный асуына ат басын тіреп, көркімен көз тартатын табиғатты бейнероликке түсіреді. Сонымен қатар Күршім ауданында орналасқан әйгілі Марқакөл мен Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығын көзбен көріп қайтпақ. Бұдан бөлек Қиын керіш шатқалы мен Катонқарағай ауданындағы Мұзтау тауы мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барып, бейнероликтер түсіреді.
Оставить комментарий